28.10.2009, 14:47 3099

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қытайдың Азаматтық әкімшілік министрлігі ниет туралы меморандумға қол қойды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қытайдың Азаматтық әкімшілік министрлігі ниет туралы меморандумға қол қойды

Пекин. 28 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың Қытайға сапары барысында сәрсенбі күні Пекинде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Азаматтық әкімшілік министрлігі арасындағы ниет меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Қазақстан жағы қытайлық серіктестермен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беріп отыр, себебі Қытайдың төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою саласында тәжірибесі мол.

"Меморандум - біздің қарым-қатынастарымызды арттырудың жақсы кепілі. Бұл, гуманитарлық ынтымақтастық, ақпарат алмасу, мамандар дайындау және шекаралық ынтымақтастықты дамыту салаларындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары анықталған алғашқы құжат, негізгі келісім", - деп атап көрсетті В.Божко өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны