29.01.2007, 17:28 3052

Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Сауд Арабиясының патшасына сенім грамотасын табыстады

АСТАНА. 29-қаңтар. Kazakhstan Today. Өткен жексенбіде Эр-Риядта Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф Сауд Арабиясының патшасы Абдалла бен Абдель Азиз аль-Саудқа сенім грамотасын табыстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен хабарлады.

Ресми салтанаттан кейінгі әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Сауд Арабиясының патшасына Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиясы туралы мәлім етіп, біздің еліміздің Сауд Арабиясымен өзара ынтымақтастығын ары қарай нығайта түсетіндігін атап өтті.

Патша Абдалла өз кезегінде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ тілектер тілей отырып, Қазақстан халқына амандық тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны