15.05.2007, 18:20 2994

Қазақстанның ұлттық-патриоттары "Халық рухы" атты бір партияға бірікті

АЛМАТЫ. 15-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның ұлттық-патриоттары "Халық рухы" атты бір партияға бірікті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәжіліс депутаты, партияның идеялық ұйытқысы Мұхтар Шаханов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз бірлесе отырып "Халық рухы" деп аталатын демократиялық партия құруға ұйғардық. Бұл - таза ұлтшыл партия болмайды, оның басқа партиялардан бір ерекшелігі - Қазақстан халқының рухани байлығын дамыту мақсатын көздейтіндігі",- деп мәлімдеді М.Шаханов.

Оның айтуынша, "рухани құндылықтарды елемей, тек байлық қуу жақсылыққа апармайды. Партия қалың бұқараға осыны ескертіп отыратын болады",- деп санайды М.Шаханов.

Партияны құрушылардың ақпаратына сәйкес, оған "Мемлекеттік тіл", "Ұлт тағдыры", "Болашақ" секілді ұлттық-республикалық қозғалыстар біріккен. Ал "Ұлт тағдыры" республикалық қозғалысының жетекшісі Дос Көшімнің айтуынша, бұл қозғалыстарға кейбір саяси партиялардан да өкілдер енген. "Оларды "Халық рухына" мүшелікке өтуге ешкім де мәжбүрлемейді. Иркімнің өз еркі біледі",- деді ол.

Сонымен бірге партияны құрушылар келесі жылы өтетін мәжіліс сайлауына дейін партияны тіркеп үлгеру үшін таяу уақыттарда қол жинауға кірісетінін хабарлады. Ұлттық-патриоттар "бұл партияның еліміздегі саяси құбылыстарда салмаққа ие бола алатынына шүбә келтірмейді". "Партия айналысатын проблемалар мен оның өзіне лайықты орны бар екендігі дау туғызбаса керек",- деді Д.Көшім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны