12.10.2009, 17:47 2875

Қазақстан-Ресей сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестер 15 қазанда өтеді

Қазақстан-Ресей сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестер 15 қазанда өтеді

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - 15 қазанда Сыртқы істер министрлар орынбасарларының деңгейінде Қазақстан-Ресей сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестер өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан делегациясын ҚР сыртқы істер министр орынбасары Константин Жигалов, ал Ресей делегациясын РФ сыртқы істер министр орынбасары Александр Грушко басқармақ.

Аталған іс-шараның күн тәртібінде Афины қаласында өтетін Сыртқы істер министрлер кеңесіне дайындық, 2010 жылға жоспарлар, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының және Алматыдағы бөлімінің әрекеті, аймақтық мәселелер және 2010 жылғы әрекеттерін үйлестіру сынды мәселелерді қарастыру көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны