28.05.2007, 18:30 3031

Қазақтан мен Түрікменстан бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтың Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі жақ бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Атап айтсақ, екі ел президенттерінің біріккен мәлімдемесіне, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы 2020 жылға дейінгі сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет ынтымақтастығы туралы келісімге және 2020 жылға дейінгі сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бағдарламасына....

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтың Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі жақ бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, екі ел президенттерінің біріккен мәлімдемесіне, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы 2020 жылға дейінгі сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет ынтымақтастығы туралы келісімге және 2020 жылға дейінгі сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бағдарламасына, шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) іс-қызметі туралы, стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредитациялау саласындағы ынтымақтастық және ақбөкендерді қорғау, өсіру және пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Түрікменстанның Мемлекеттік шекара қызметінің арасында жедел-іздестіру қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны