Система Orphus

"Қазақтелеком" АҚ және "Түркіментелеком" МЭК телекоммуникациялық жүйелері түйістірілді

13.05.2013, 14:34 78229

Астана. 13-мамыр. Kazakhstan Today - "Қазақтелеком" АҚ және "Түркіментелеком" МЭК телекоммуникациялық жүйелері түйістірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биылғы жылдың 11 мамыр күні Қазақстанның және Түркіменстанның мемлекет басшыларының қатысуымен "Қазақтелеком" АҚ және "Түркіментелеком" МЭК телекоммуникациялары жүйелерінің тоғысқан жері салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы аталмыш акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлайды.

"Қазақтелеком" АҚ және "Түркіментелеком" МЭК телекоммуникация жүйелерін құру және тоғыстыру бойынша бірлескен жұмыстарды аяқтады. Бұл бағытта SDH жүйесі қолданылып, кейін DWDM-ға көшу қарастырылған. Телекоммуникациялық жүйелердің Бекдаш (Түркіменстан) - Темірбаба (Қазақстан) учаскесінде түйісуі "Қазақтелеком" АҚ жүйелері арқылы Түркіменстан, Ауғанстан және Иранның жүйелерімен жалғасуды ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының тразинттік әлеуетін пайдаланып Ресей, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бағытында Түркіменстан үшін трафик транзитінің мүмкіндігіне жол ашады.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру жолында "Қазақтелеком" АҚ тарапынан 178,5 шақырым талшық-оптикалық кабель тартылған.

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, Қазақстанның еуразиялық аймақтың орталығында орналасуы шетелдік операторларға транзит қызметін көрсетудің тиімді позициясын қамтамасыз етеді.

"Транзиттік әлеуетті жүзеге асыру мақсатында барлық шекаралас мемлекеттердің жетекші операторларымен тікелей жапсарласу жүйесін ұйымдастырдық. Осылайша "Қазақтелеком" АҚ Орталық-Азиялық хаб ретінде толық қалыптасып отыр", - деп атап өтті Қ. Есеекев.

"Қазақтелеком" АҚ транзиттік сыйымдылықтарды ұсыну нарығын бағындыру үшін қолданыстағы түйістерді жаңғыртып, жаңаларын салу бойынша жұмыстарға мықтап білек сыбанған. Қазіргі таңда компанияның коммерциялық қолданысында 4 мемлекеттің (оның ішінде Түркіменстан да бар) 12 операторымен 15 тоғысқан жүйе бар. Олардың жалпы қауқары 290 Гбит/с артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны