21.09.2012, 15:49 2640

Қазан айының соңында ҚР президенті Францияға іссапармен барады деп күтілуде

ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Иділ Ахметов Франция СІМ құрылықтық Еуропа департаментінің директоры Ерик Фурньемен кездесті, деп хабарлайды жоғары палатаның баспасөз қызметі.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазан айының соңында ҚР президенті Францияға іссапармен барады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Иділ Ахметов Франция СІМ құрылықтық Еуропа департаментінің директоры Ерик Фурньемен кездесті, деп хабарлайды жоғары палатаның баспасөз қызметі.

"Е.Фурнье мырзаның айтуынша, ағымдағы жылдың соңында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Францияға іссапары жоспарланып отыр, бұл қазақ-француз стратегиялық ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға ықпал етеді", - делінген ақпаратта.

И.Ахметовтың мәлімдеуінше, Қазақстан Парламенті Сенатында француз депутаттарымен ынтымақтастық орнату жөніндегі топ жұмыс істейді. Дегенмен, әлі де елдер арасында заң шығарушылық саладағы ынтымақтастықты дамытуға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны