02.04.2007, 18:21 3140

Қазан қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің қаржылық -экономикалық кеңесінің мәжілісі өткізіледі

АСТАНА. 2-сәуір. Kazakhstan Today. 5-6 сәуірде Қазан қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің қаржылық-экономикалық кеңесінің 4-ші мәжілісі өткізіледі. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Елшінің түсініктемесіне сәйкес, мәжіліс барысында ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер экономикаларының негізгі даму үрдістері мен энергетика және көлік саласында өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылау көзделген.

Сонымен қатар, тараптар ЕурАзЭҚ Кедендік одағының құқықтық-нормативтік базасын даярлау барысы туралы мәселені талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны