31.03.2008, 18:17 6747

Қазанда Астанада өтетін "Ортақ әлем: әр алуандылық арқылы өркендеу" атты форумға 60-қа жуық елдің сыртқы істер министрлері қатысады

Қазанда Астанада өтетін "Ортақ әлем: әр алуандылық арқылы өркендеу" атты форумға 60-қа жуық елдің сыртқы істер министрлері қатысады

Астана. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазанда Астанада өтетін "Ортақ әлем: әр алуандылық арқылы өркендеу" атты форумға 60-қа жуық елдің сыртқы істер министрлері қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Форумға қатысуға 56 мұсылман және батыс елдердің сыртқы саяси ведомство басшыларына және 10 халықаралық ұйымдарға шақырулар жолданған болатын.

Осы орайда, алдымызда өтетін мәжіліске қатысатын өкілдердің жоғары деңгейін атап өтуіміз қажет, алқалы бас қосудың меймандары ретінде Австрия, Бахрейн, Испания, Қатар, Пәкістан, Польша, Ресей, Словакия, Сауд Арабиясы, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Швеция және басқа да елдердің өкілдері болады",- деді Е.Ашықбаев.

Ресми өкілдің хабарлағанындай, 2-3 сәуірде Астанада "Ортақ әлем: әр алуандылық арқылы өркендеу" атты мұсылмандық және батыс елдері сыртқы істер министрлерінің Форумын өткізу жөніндегі қазақстандық бастаманың іске асырылуының тұжырымдамалық мәселелерін әзірлеу үшін Жоғары өкілдер тобының мәжілісі болып өтеді.

Негізгі іс-шаралар қатарында осы мәжіліс шеңберінде Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы Бас хатшысы Вальтер Швиммер, сондай-ақ мұсылмандық және батыс әлемінің басқа да көрнекті саясаткерлері өз тәжірибелерімен бөліседі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны