24.05.2011, 17:37 2994

Қазатомпром мен Хемианлагенбау Хемниц ГмбХ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды - баспасөз баяны

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник Берлинде "Экономикалық ынтымақтастық үшін серпіндер" Қазақстан-Германия экономикалық форумына қатысты.

2011 жылдың 24 мамырында Берлин қаласында өтіп жатқан форум жұмысына Германия мен Қазақстанның өнеркәсіп және қаржы орындарының өкілдері қатысуда.

Форум кезінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының Қазатомөнеркәсіп қызметінің жаңа бағыттарындағы басымдықтарына арналған баяндама жасады.

Форум барысында "Қазатомөнеркәсіп" пен "Хемианлагенбау Хемниц ГмбХ" ("Chemieanlagenbau Chemnitz GmbH") компаниялары ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Құжат Қазақстандағы бәсекелі технологиялар рыногын қалыптастыруды және жүйеге келтіруге бағытталған. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда, бұл құжатта нақты 9 жоба қамтылған. Олардың қатарында тұз қышқылын, натрий цианидын, хлорид және кальций гипхлоридын, басқа да химиялық өнімдер өндіретін ілкі қондырғыларды жасау бар. Меморандумда Қазақстан мен Германияның әлемдік деңгейдегі бірлескен инновацияларын, серпінді технологияларын және басқа да мемлекеттердің атом, химия және металлургиялық секторларындағы ғылымды көп қажетсінетін жаңа өндіріс орындарын ашу бойынша ынтымақтастық шарттары анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны