25.09.2009, 11:30 3021

Қазіргі әлем тек серіктестік пен өзара сыйластық арқылы ғана одан әрі дами алады - Назарбаев

Қазіргі әлем тек серіктестік пен өзара сыйластық арқылы ғана одан әрі дами алады - Назарбаев

Астана. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазіргі әлем тек серіктестік пен өзара сыйластық арқылы ғана одан әрі дами алады. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін Астанада ашылған Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы Бас ассамблеясының 5-ші жиынына қатысушыларға жолдауында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жолдауда атап көрсетілгендей, Азиялық саяси партиялардың Халықаралық конференциясы елдер арасындағы ынтымақтастықтың дамуы мен әлемдегі ең үлкен құрлықтағы партиялық жүйені бекіте түсуге үлкен үлес қосады. "Тек қана диалог пен серіктестік, өзара түсіністік пен өзара сыйластық арқылы ғана қазіргі әлем одан әр дами алады", - дейді мемлекет басшысы өз жолдауында.

Сондай-ақ, Н. Назарбаевтың пайымдауынша, "кейінгі жылдары конференция қызметінің жандануы біздің елдеріміздегі жетекші саяси партиялардың Азия құрлығының жаңаруының, құрықтың жаңаша бейнесін қалыптастырудың, біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың мүддесінің аса маңызды факторына айналғанын дәлелдейді".

"Форум аясында мазмұнды пікір алмасулар, ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған ашық диалог өтеді деп сенемін", - делінген Қазақстан президентінің жолдауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны