31.03.2009, 18:54 6386

Қазіргі уақытта ҚР үкіметі тарапынан Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған жаңа іс-шаралар жоспары дайындалу үстінде

Қазіргі уақытта ҚР үкіметі тарапынан Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған жаңа іс-шаралар жоспары дайындалу үстінде

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Гаагада 31 наурызда "Өңірлік контекстегі жалпылама стратегия" атты Ауғанстан бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында халықаралық конференция өтуде. Оған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев бастаған қазақстандық делегация қатысуда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, 40-тан астам ел мен 10 халықаралық ұйым өкілдері қатысатын конференцияда Ауғанстанның дамуы мен қауіпсіздік мәселелері талқылануда.

Қазақстан делегациясының басшысы конференция аясында қатысушыларды еліміздің Ауғанстанды қалпына келтіруге байланысты көзқарасымен және жүзеге асыру жолдарымен таныстырды.

"Өткен жылы ҚР үкіметі әртүрлі салаларға бағытталған іс-шараларды қамтитын Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асырды. Қазіргі уақытта ҚР үкіметі тарапынан Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған жаңа іс-шаралар жоспары дайындалу үстінде",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны