03.07.2007, 13:38 2565

Қазіргі жағдаймен мәслихаттар депутаттығына 51 кандидат ұсынылды

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. қазіргі жағдаймен елімізде мәслихаттар депутаттығына 51 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясынң төрағасы қуавндық Тұрғанқұлов бүгін өткен комиссия отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2007 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 51 кандидат ұсынылды. Олардың ішінен 19 кандидатураны "Нұр Отан" Халық демократиялық партиясы ұсынды және 32 кандидатура өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды",- деді комиссия төрағасы.

Облыстық мәслихаттарға 7 кандидат ұсынылды; Астана қаласының мәслихатына 3 кандидат; аудандық мәслихаттарға 39 кандидат; қалалық мәслихаттарға 2 кандидат ұсынылды.

Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің партиялық тізімі Орталық сайлау комиссиясына ұсынылған жоқ.

"Ағымдағы жылғы 30 маусымда өткен "Руханият" партиясының және "Ауыл" Қазақстан әлеуметтік-демократиялық партиясының съездерінде жасалған партиялық тізімдер Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін әзірге түскен жоқ",- деді Қ.Тұрғанқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны