15.09.2009, 12:39 1430

"ҚазМұнайГаз" бен Вьетнамның мұнай және газ корпорациясының өзара ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды

"ҚазМұнайГаз" бен Вьетнамның мұнай және газ корпорациясының өзара ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметінде бүгін "ҚазМұнайГаз" бен Вьетнамның "Петровьетнам" мұнай және газ корпорациясының өзара ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Вьетнам Социалистік Республикасының премьер-министрі Нгуен Тан Зунгтің қол қою рәсімінен кейін айтуынша, "біз бірінші кезекте энергетика, мұнай және газ өндіру, минералды ресурстар өндіру саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударамыз".

"Экономикалық ынтымақтастық саласында екі ел арасында ауқымды даму кеңістігі бар. Біз бүгін нақты келісімдер жасастық. Бірінші бағыт - Қазақстан мен Вьетнам аумағында және үшінші елдердің аумағында отын-энергетикалық саланы дамыту", - деді Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасының шақыруымен 14-15 қыркүйекте Қазақстанға Вьетнам Социалистік Республикасының премьер-министрі Нгуен Тан Зунгтің ресми сапары жоспарлануда.

Сапар барысында жоғары дәрежелі қонақ еліміз басшылығымен кездесулер өткізіп, энергетика, білім, ортақ инвестицияларды қолдау және қорғау, азаматтардың уақытша еңбек ету әрекеттері және екі ел азаматтарының сапар шегу мәселелеріне қатысты бірқатар келісімдерге қол қоймақ. Сонымен қатар, сапар шеңберінде бизнес- форум өткізу де жоспарлануда.

Екі ел қатынастары тарихында бұл сапар соңғы 15 жыл ішіндегі алғашқысы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны