11.10.2011, 16:24 4746

"KAZNEX INVEST" жел энергетикасы саласындағы әлемдік көшбасшы "VESTAS" компаниясын тартуда - баспасөз баяны

Компания өкілдері Қазақстанда жел энергетикасын дамыту жөніндегі жобаларға инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастырған.

KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігінің шақыруымен Қазақстанда жел құрылғыларын өндірудегі әлемдік көшбасшы немістің "Vestas" компаниясының аға вице-президенті Андреас Томас бастаған өкілдері болып қайтты.

Компания өкілдері Қазақстанда жел энергетикасын дамыту жөніндегі жобаларға инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастырған.

Агенттік "Vestas" компаниясының өкілдері мен ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсәлиевпен кездесуін ұйымдамтырды. Кездесу еліміздің қалпына келетін қуат көздерін дамытуға қызығушылық танытатындығының тағы бір дәлелі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны