07.07.2010, 12:38 4690

Кеден одағы аясында тауар тасымалдау барысындағы экспорттық баж салығы 2012 жылға дейін алынып тасталуы мүмкін

"Егер біз барлық келісімдерді дайындап (бірыңғай экономикалық кеңістік құруға қатысты), оларды қолданысқа енгізсек, онды біз экспорттық баж салығынан ертерек босатуға қатысты мәселені қарастырамыз",- деді А. Кудрин. Вице-премьердің айтуынша, Кеден одағы аясында тауар тасымалдауда салынатын экспорттық баж салығы бірыңғай экономикалық кеңістік құрылғанға дейін сақталады.

Алматы. 7-шілде. Kazakhstan Today Кеден одағы аясында тауар тасымалдау барысындағы экспорттық баж салығы 2012 жылға дейін алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы РФ вице-премьер-министрі, қаржы министрі Алексей Кудрин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) РАА сілтеме жасай отырып.

"Егер біз барлық келісімдерді дайындап (бірыңғай экономикалық кеңістік құруға қатысты), оларды қолданысқа енгізсек, онды біз экспорттық баж салығынан ертерек босатуға қатысты мәселені қарастырамыз",- деді А. Кудрин. Вице-премьердің айтуынша, Кеден одағы аясында тауар тасымалдауда салынатын экспорттық баж салығы бірыңғай экономикалық кеңістік құрылғанға дейін сақталады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден кодексінің күшіне енуі туралы өтінше 2010 жылдың 5-шілдесінде қол қойған болатын. Ертеректе бекітілген жоспарға сәйкес бірыңғай экономикалық кеңістікті 2012 жылы құру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны