09.04.2012, 15:09 3471

Кеден одағы мен Жаңа Зеландияның арасындағы еркін сауда-саттық туралы келіссөздердің бесінші кезеңі өтті

Келіссөз барысында тауарлар нарығына шығу, санитарлық, фитосанитарлық және техникалық реттеу, кедендік процедуралар мен тауарлардың жасалу ережелері, қорғау шаралары, зияткерлік меншік, сауда-саттық сияқты негізгі мәселелер талқыланды.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Кеден одағы мен Жаңа Зеландияның арасындағы еркін сауда-саттық туралы келіссөздердің бесінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Хатшылығынан хабарлады.

Келіссөз барысында тауарлар нарығына шығу, санитарлық, фитосанитарлық және техникалық реттеу, кедендік процедуралар мен тауарлардың жасалу ережелері, қорғау шаралары, зияткерлік меншік, сауда-саттық сияқты негізгі мәселелер талқыланды.

"Келіссөздердің бес кезеңінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген нәтижелерді ескере отырып, тараптар күнтәртібіндегі қалған мәселелерді тезірек талқылауға және 2012 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін келіссөздерді аяқтауға келісті", - делінген ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Хатшылығының хабарламасында.

Ведомствоның хабарламасы бойынша, Кеден одағы еркін сауда туралы келіссөздерді бастаған бірінші ел - Жаңа Зелания болып табылады. 2010 жылдың 15 қарашада келіссөздердің басталғаны туралы ресми жарияланған болатын.

Бұл Еркін Сауда Аумағының маңызы зор, себебі ол Одаққа кіретін төрт елге қарқынды дамушы азиялық-тынық мұхиты экономикалық архитектурасының ықпалдастық процесіне қосылуға мүмкіндік береді.

2011 жылдың арасында Қазақстан мен Жаңа Зеландияның арасындағы тауар айналымының көлемі 3,8 млн. АҚШ долларын құрады. 2010 жылы екіжақты тауар айналымының негізгі үлесін, дәлірек айтқанда 82% - Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландияға экспорты құраса, 2011 жылы Қазақстанның үлесі - 32,3% құрады.

2011 жылы Қазақстан Жаңа Зеландияға жалпы сомасы 1,2 млн. АҚШ долларының тауарларын экспорттаған. Экспорттың негізгі үлесін (барлық экспорттың 93,6%, ақшалай көрсеткіш бойынша) мырыш құрап отыр. Ал 2011 жылы Жаңа Зеландиядан жеткізілген импорт 2,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 еседен астамға өсті. Импорттың негізін телефон аппараттары, сорғылар, сұрыптауға арналған жабдықтар сияқты өнеркәсіптік тауарлар, қара метлдан дасалған жекелеген бұйымдар құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны