14.12.2010, 16:15 5294

Кеден одағына мүше елдердің арасындағы паспорттық-визалық бақылау жойылуы мүмкін

Кеден одағына мүше елдердің арасындағы паспорттық-визалық бақылау жойылуы мүмкін

Алматы. 14 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Ресейдің Қазақстан мен Беларусь шекарасындағы паспорттық-визалық бақылау Бірыңғай экономикалық кеңістік құру аясында біртіндеп жойылуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет аралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша қабылданып, Кеден одағы комиссиясының сайтында жария етілген құжатта айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет аралық кеңес "Кеден одағының комиссиясына мемлекет билігіндегі өкілетті органдармен бірлесе отырып Кеден одағына мүше елдердің арасындағы паспорттық-визалық бақылауды жою мүмкіндігін зерделеуді тапсырды",- деп айтылған құжатта.

Мемлекет аралық кеңестің отырысында комиссия төрағасы Сергей Глазьев кедендік рәсімдеу мен бақылаудың тоқтытылуы өзара сауда жасауды жеңілдетіп, экономикалық белсенділіктің өсуіне ықпал ететіндігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны