10.06.2009, 16:30 2757

Кедендік одақ аясындағы біртұтас кедендік тариф бекітілді және ол 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді

Кедендік одақ аясындағы біртұтас кедендік тариф бекітілді және ол 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Кедендік одақ аясындағы біртұтас кедендік тариф бекітілді және ол 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы кеше Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (ЕурАзЭҚ) мүше елдердің мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытытндысы бойынша РФ премьер-министрі Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

РБК ақпаратына сәйкес, бұл жоба ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейінде бекітіледі. Сондай-ақ, В. Путиннің айтуынша, тараптардың біртұтас кедендік аумақты қалыптастыру кезеңдері мен мерзімі төңірегіндегі ұсыныстары мақұлданды, онда Кедендік одақтың 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтіндігі және барлық қажетті процедуралардың 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталатындығы ескерілді.

Өз кезегінде РФ бірінші вице-премьері Игорь Шуваловтың түсіндіруінше, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап үш елдің біртұтас инфрақұрылымы (шекара, кеден) жұмыс істей бастайды. Біртұтас кедендік тариф жайына тоқталған И. Шуваловтың айтуынша, тариф 100%-ға келісіліп, "барлық қарама-қайшылықтар жойылды". Алайда бірқатар сезімтал тауарлар бойынша үш жылдық өтпелі кезең белгілеу, сол уақытта ішкі тарифтерді сақтауға шешім қабылданды. И. Шувалов бұл дәл қандай тауарлар екенін ашып айтпады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны