18.10.2010, 12:39 5219

Кедендік одақ қарақұмық, қырыққабат және картопты шеттен әкелуге салынатын баж салығын нөлдік бағамен белгілемек

Кедендік одақ қарақұмық, қырыққабат және картопты шеттен әкелуге салынатын баж салығын нөлдік бағамен белгілемек

Алматы. 18 - қазан. Kazakhstan Today - Кедендік одақ комиссиясы қарақұмық, қырыққабат және картопты шеттен әкелуге салынатын баж салығын алты ай мерзімге нөлдік бағамен белгілемек. Бұл туралы Кедендік одақ комиссиясының ресми өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

"Кеден одағы Комиссиясының Мәскеуде өткен отырысы барысында Кеден одағы аясына алты мерзімге қарақұмық, қырыққабат және картопты шеттен әкелуге салынатын баж салығын 0 пайыз көлемінде белгілеу туралы шешім қабылданды", деп атап өтті ол.

Кедендік одақ комиссиясы "бұл шешімді 2010 жылы жазда болған жоғары температура және құрғақшылық, сонымен қатар, картоп және қарақұмық өнімдері көлемінің төмен алынғандығымен" түсіндіріп отыр. Шешім жарияланған сәтінен бастап өз күшіне енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны