20.05.2010, 13:14 2738

Кедендік одақ пен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі арасында қарама-қайшылық жоқ

Кедендік одақ пен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі арасында қарама-қайшылық жоқ

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Кедендік одақ пен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі арасында қарама-қайшылық жоқ. Бұл туралы бүгін Еуразиялық Даму банкінің экономикалық талдау және консалтинг бөлімінің бастығы - талдау басқармасы бастығының орынбасары Евгений Винокуров Қазақстан бойынша жыл сайынғы Fitch Ratings конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кедендік одақ пен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі арасында қарама-қайшылық жоқ. Тек ставкалар мен концессиялар бойынша қосымша келіссөздер жайлы мәселелер бар. Сөйтіп, іс жүзінде Кедендік одақтың құрылуы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуін шамалы кейінгі шегеруі мүмкін, бірақ ол айтарлықтай ұзаққа созылмайды",- деді

Е. Винокуров.

Оның айтуынша, "бүгінгі жағдаймен ресми ұстаным Кедендік одақ елдері Дүниежүзілік сауда ұйымына жеке-жеке мүшелікке өтеді, бірақ, өз ұстанымдарын келіседі дегенге саяды"

"Ресей соңғы кезеңге таяп отыр. Ал Қазақстан біршама ілгерілеп кетті, ал Беларусь болса, келіссөздердің ең бастапқы кезеңдерінде жүр", - деді Е. Винокуров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны