31.03.2010, 17:29 6917

Кедендік одақ шеңберінде біртұтас ветеринарлық кеңістік құрылады

Кедендік одақ шеңберінде біртұтас ветеринарлық кеңістік құрылады

Мәскеу. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Кедендік одақ шеңберінде біртұтас ветеринарлық кеңістік құру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Мәскеуде Ресейдің Ауылшаруашылығын қадағалау қызметі (Россельхознадзор) төрағасының орынбасары, РФ бас ветеринарлық дәрігері Николай Власов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

"Кедендік одақ шеңберінде біртұтас ветеринарлық кеңістік құрылады",- деді Н. Власов. Оның айтуынша, Ресей, Беларусь және Қазақстан Республикаларының бас ветеринарлық дәрігерлерінің кездесуінің қорытындысы бойынша біртұтас мәліметтер базасын құру, оған уақытша өнім сақтау қоймалары, тоңазытқыштар мен құс сою орындарына біртұтас ветеринарлық талаптарды енгізу туралы уағдаластық жасалды.

Сондай-ақ, РБК ақпаратына сәйкес, РФ бас ветеринарлық дәрігерінің хабарлауынша, осы саладағы барлық зертханаларды қамти отырып, ветеринарлық зертханаларды аккредитациялаудың халықаралық жүйесі құрылады. "Мұндай жүйені құрумен Беларусьтің республикалық зертханасы шұғылданатын болады. Ресей ақпараттық жүйе құрумен айналысса, алдын-ала келісімге сәйкес, Қазақстанда біртұтас инспекциялық қызмет орналасатын болады. Ол нарықтағы өнімдерді аккредитациялау үшін Ресей, Қазақстан, Беларусьтің ғана емес, сондай-ақ, басқа да елдердің кәсіпорындарын тексеретін болады", - деп хабарлайды РБК.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны