Система Orphus

Кедендік одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр

26.04.2013, 11:17 13132

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Кедендік одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кедендік одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов еуразиялық ықпалдастық мәселелеріне арналған ХІ Еуразия медиа форумының отырысында.

"Көптеген елдердің Кедендік одаққа ұмтылатыны, консультациялар жүргізіп жатқандары бізді қуантады, қазір Украина КО заңнамасына қызығушылық танытуда. Көптеген елдер еркін сауда аймағы туралы келісім жасасуға ұмтылады. Қазір біз осындай келіссөздерді Вьетнаммен және басқа да елдермен жүргізіп жатырмыз", - деді Қ. Келімбетов.

Вице-премьер Кедендік одаққа әр түрлі мемлекеттердің қызығушылық танытуы КО үлкен және әртараптандырудың нарығы болып табылатынына байланысты екенін атап өтті. "Оның қандай үлкен нарық екенін және оған қандай қолжетімділік алуға болатынын бәрі түсінеді", - деп есептейді ол.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, Қазақстан "әр түрлі түрлі жылдамдықтағы ықпалдастықты - ТМД, ЕурАзЭс құптайды. 3 жылда біз үлкен жолды жүріп өттік. Бұл құжаттарды қабылдау және бекіту: КО бойынша 70 келісім, БЭК бойынша 17".

"Одаққа қосылатын елдердің экономика деңгейі сәйкес болуы тиіс. Экономика тұрақты, бірқалыпты болуы қажет, сәйкес инфрақұрылым құру бойынша жұмыстар жалғасуы керек", - деп атап өтті Қ.Келімбетов.

Бұдан өзге, ол Еуразиялық ықпалдастық шеңберінде ағымдағы жылы тағы да 50-ден астам келісім қабылданатынын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны