25.09.2009, 17:03 3294

Кедендік одақтың біртұтас тарифі мақұлданды - РФ вице-премьері

"Біз бірқатар маңызды шешімдерді қабылдадық, олар ЕурАзЭҚ мемлекеттік кеңесінің мемлекет басшылары деңгейінде 27 қарашада МИнск қаласында өтетін отырысқа дайындықтың іс жүзінде аяқталғанын білдіреді. Мемлекет басшыларының кездесуіне орай біз біртұтас кедендік тарифті мақұлдадық. Біз барлық келіспеушіліктерді жойдық және осы жұмыс аяқталды деп растай аламыз", - деді И. Шувалов.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда ЕурАзЭҚ Кедендік одағы комиссиясының отырысы барысында Кедендік одақтың біртұтас тарифі мақұлданды. Бұл туралы РФ вице-премьері Игорь Шувалов бүгін Алматыда Кедендік одақ комиссиясының жұмыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз бірқатар маңызды шешімдерді қабылдадық, олар ЕурАзЭҚ мемлекеттік кеңесінің мемлекет басшылары деңгейінде 27 қарашада МИнск қаласында өтетін отырысқа дайындықтың іс жүзінде аяқталғанын білдіреді. Мемлекет басшыларының кездесуіне орай біз біртұтас кедендік тарифті мақұлдадық. Біз барлық келіспеушіліктерді жойдық және осы жұмыс аяқталды деп растай аламыз", - деді И. Шувалов.

Сондай-ақ, Кедендік одақтың кедендік кодексінің жобасы мақұлданды.

"Біз мемлекет басшыларының қарап қол қоюына берілетін келісім-шарттарының жобаларын қарастырдық", - деді РФ вице-премьері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны