06.07.2007, 13:16 2592

Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын құжаттарға қол қоюға қажетті мемлекетішілік процедуралар 2007-жылғы тамыз айының басында аяқталады деп күтілуде - ЕурАзЭҚ бас хатшысы

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын құжаттарға қол қоюға қажетті мемлекетішілік процедуралар 2007-жылғы тамыз айының басында аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Беларусь, Қазақстан және Ресей Федерациясының Интеграциялық комитеті мүшелерінің Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі кеңесі басталар алдында ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Ресейдегі процедуралар 25-шілдеде аяқталады деп келістік, осыдан екі-үш күннен кейін Қазақстан мен Беларусьта да осындай құжаттардың жобасын келісу процедуралары аяқталуға тиіс", - деді Г. Рапота.

ЕурАзЭҚ бас хатшысы бұған дейін журналистерге берген сұхбатында "Кедендік одақты құруға қажетті құжаттар топтамасы іс жүзінде дайын, терминдер мен ұғымдарды, сондай-ақ, кейбір келісілмеген мәселелерді іріктеп- екшеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", деп мәлімдеген болатын. Атап айтсақ, қазір ЕурАзЭҚ аясында Кедендік одақ құруға бағытталған іс-шаралардың жобасы, ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісім-шартына Кедендік одақтың жоғарғы органын құру жөнінде өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманың жобасы талқыланып келісілді. Біртұтас кедендік аумақ құру туралы келісім-шартының жобасы келісілді. Ондағы кейбір баптарды ғана сарапшылар дәйектелуге тиіс.

"Илі де келісілмеген кейбір мәселелер бар, бірақ меніңше, олар қажетті барлық құжаттарға қол қоюға кедергі бола алмайды, оларды тек мұқият дәйектеу керек, сонда ғана бәрі өз орнына келеді", - деді Г. Рапота. Оның айтуынша, ондай мәселелердің қатарында "жаңадан құрылатын кедендік аумақты басқару органдары қалай жұмыс істейді, осы аумақтағы тарифтік саясатты ретттеуді басқаратын ұлттықтан гөрі мәртебесі биік біртұтас кедендік орган қазіргі бар ЕурАзЭҚ кеңесінің құрамында болуға тиіс пе, әлде ол жеке мекеме түрінде қүрыла ма" деген мәселелер бар. Сонымен бірге, Г. Рапотаның айтуынша, "бірдей бәсекелі орта қалыптастыру процессіне қатысты мәселе төңірегінде де сұрақтар туып отыр".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны