05.03.2010, 16:54 3762

Келешекте Кедендік одақ біртұтас валюталық одаққа айналуы мүмкін - Шувалов

Келешекте Кедендік одақ біртұтас валюталық одаққа айналуы мүмкін - Шувалов

Мәскеу. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Келешекте Ресец, Қазақстан мен Беларусь Республикаларының Кедендік одағы біртұтас валюталық одаққа айналуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ТМД-ға қатысушы елдердің "Ресейдің ТМД-ға төрағалығы жылындағы жаңа бастамалар" атты Халықаралық экономикалық форум барысында РФ үкіметінің бірінші вице-премьері Игорь Шувалов пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұл кеңістіктің шекаралары уақыт өте келе кеңейеді. Іс жүзінде мәселе Еуразиялық экономикалық одақ құру жайлы болып отыр. Келешекте оның осы мемлекеттердің арасындағы валюталық одаққа көшу мүмкіндігін жоаққа шығармас едім", - деді И. Шувалов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны