01.12.2012, 16:01 3029

Келесі аптада Вильнюсте Қазақстан-Литва сыртқы істер министрліктерінің кеңесі өтеді

Оның айтуынша, Литваның тарапынан мәжіліске Сыртқы істер вице-министрі Эвладас Игнатавичюс қатысып, төрағалық етпек. "Кеңес барысында тараптар екіжақты ықпалдастықтың ағымдағы жағдайы мен болашағын талқылап, Қазақстан-Литва ынтымақтастығының басты мәселелері мен халықаралық және өңірлік өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасатын болады", - дейді І.Омаров.

Астана. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - 5 желтоқсан күні Литваның Вильнюс қаласында Қазақстан-Литва сыртқы істер министрліктерінің аралық кеңестері өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, оған қатысатын қазақстандық делегацияға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков төрағалық етпек.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

Оның айтуынша, Литваның тарапынан мәжіліске Сыртқы істер вице-министрі Эвладас Игнатавичюс қатысып, төрағалық етпек. "Кеңес барысында тараптар екіжақты ықпалдастықтың ағымдағы жағдайы мен болашағын талқылап, Қазақстан-Литва ынтымақтастығының басты мәселелері мен халықаралық және өңірлік өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасатын болады", - дейді І.Омаров.

Айта кетейік, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы 179,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2011 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, 9,6%-ға көп. Өткен жылы ол көрсеткіш 163,8 млн. доллар болды. Бүгінде Қазақстанда литвалық капиталдың қатысуымен көтерме және дара сауда, өндіріс өнеркәсіптері, ақпарат және байланыс, көлік және т.б. салаларда жұмыс жасайтын 158 өнеркәсіп тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны