04.04.2011, 17:33 4825

Келесі сайлаудан бастап Қазақстан парламенті көппартиялы болады

Келесі сайлаудан бастап Қазақстан парламенті көппартиялы болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - сәуір. Kazakhstan Today - Келесі сайлаудан бастап Қазақстан парламенті көппартиялы болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, елімізде өтетін келесі парламенттік сайлаудан бастап Парламент көппартиялы болады. Бүгін Ақордада отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеген.

"Келесі парламенттік сайлаудан бастап Парламент көппартиялы болады. Осылай біздің Конституциямызда жазылған", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар қазіргі уақытта бүкіл дүниежүзінде қабылданған бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы мәселесі де басты назарда болатындығын баса айтқан Н.Назарбаев: "Бұл мәселеде біздің батыстағы әріптес достарымыздың ақыл-кеңестері бар. Біз де барынша ақылдасатын боламыз", - деді.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында "Нұр Отан" ХДП-ның бастамасымен құрылған "Қазақстан-2020" Жалпыұлттық демокартиялық күштер коалициясына да тоқталып өткен Н.Назарбаев: "Жалпы, сайлау барысында құрылған "Қазақстан-2020" Жалпыұлттық демокартиялық күштер коалициясы біздің еліміздің экономикалық-саяси даму жолының одан әрі дамуын саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен талқылауды жалғастыруға жақсы тұғырнама болады", - деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны