04.06.2008, 22:28 2780

Кеше Бішкекте ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы Денсаулық сақтау кеңесінің төртінші отырысы ашылды

Кеше Бішкекте ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы Денсаулық сақтау кеңесінің төртінші отырысы ашылды

Бішкек. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Бішкекте ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы Денсаулық сақтау кеңесінің төртінші отырысы ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, отырысқа Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары, ЕурАзЭҚ елдерінің кеңес мүшелері мен сарапшылары қатысуда.

Отырыстың басты мақсаты - ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттер арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған нақты механизмдер мен перспективалы халықаралық келісімдерді жасап шығару. Күн тәртібіне жеті мәселе қойылды - жұқпалы аурулармен күрестегі интеграцияны тереңдету, ғылыми және медициналық кадр алмасуды кеңейту, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерді жоғары сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және т.б.

"Кеңестің бұл отырысы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жасау және оны жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Мұнда білім беру және медицина салаларындағы тең құқықты қамтамасыз етуге, санитарлық-эпидемиологиялық есен-амандық, ғылым және ақпараттық технология саласындағы жоғары технологиялы өзара іс-қимыл түрлерін қамтыған білікті медициналық көмек ұйымдастыру мәселелеріндегі ынтымақтастыққа басымдық берілуі тиіс деп есептейміз", - деп мәлімдеді Қырғызстанның премьер-министрінің орынбасары Эльмира Ыбырайымова.

Э. Ыбырайымованың айтуынша, азаматтардың ем қабылдауға қол жетімділігі, профилактикалық шаралардың тиімділігі, мониторинг жүйесін жетілдірумен байланысты көптеген мәселелер шешілмеген қалпында қалып отыр. Бұл проблемалар барлық өңірлер, оның ішінде ЕурАзЭҚ мүшелері үшін де тән және оларды шешу әрбір мемлекеттің ішінде болсын, халықаралық деңгейде болсын қаржылық және адами ресурстарды жұмылдыруды талап етеді.

Дәрі-дәрмектерді тіркеуге, емдеу мекемелерін заманауи медициналық техникамен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік және құқықтық құралдардың үйлесімділігіне кеңес лайықты көңіл бөлуі керек, деп есептейді Қырғызстанның вице-премьері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны