13.01.2012, 12:06 3845

ҚХА-дан сайланатын Мәжіліс депутаттардың сайлауы 16 қаңтарда өтеді

"ОСК 2012 жылдың 16 қаңтарына белгіленген Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша дауыс беру уақытын 9:30 минутқа, дауыс беруді аяқтау уақытын Қазақстан халқы сессиясындағы сайлаушылар дауыс беріп болғанға дейін белгілеуді қаулы етеді", - деп мәлімдеді ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.

Астана. 13-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚХА-дан сайланатын Мәжіліс депутаттардың сайлауы 16 қаңтарда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова мәлімдеді.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылдың 16 қаңтарына белгіленген.

"ОСК 2012 жылдың 16 қаңтарына белгіленген Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша дауыс беру уақытын 9:30 минутқа, дауыс беруді аяқтау уақытын Қазақстан халқы сессиясындағы сайлаушылар дауыс беріп болғанға дейін белгілеуді қаулы етеді", - деп мәлімдеді ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.

Қаулы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілетін болады.

"Сайлауға Ассамблеяның 390 мүшесі қатысады. Дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу міндеті Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясына жүктеліп отыр. Сессияға халықаралық бақылаушылар, партияның өкілетті адамдары мен БАҚ өкілдері шақырылды. Дауыс беру тізіміне Мәжіліс депутаттығына үміткер 9 қандидат енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Парламенті Мәжілісіне өз депутаттарын сайлайтын болады", - деп нақтылады журналистерге берген сұхбатында Т.Охлопкова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны