28.10.2008, 18:34 2967

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао Қазақстанға ресми сапармен келеді

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао 29-31 қазан аралығында Қазақстанға ресми сапармен келеді" деді Е.Ашықбаев.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао елімізге Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың шақыруымен келеді. Қытай үкімет басшысы ел басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны