31.10.2008, 17:14 6533

ҚХР премьерінің Қазақстанға сапары барысында қабылданған шешімдер - екі жақты қатынастарды дамытудағы елеулі кезең болмақ - Кәрім Мәсімов

ҚХР премьерінің Қазақстанға сапары барысында қабылданған шешімдер - екі жақты қатынастарды дамытудағы елеулі кезең болмақ - Кәрім Мәсімов

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаоның Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында қабылданған шешімдер - екі жақты қатынастарды дамытудағы елеулі кезең болмақ. Бұл туралы бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябао арасында жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бүгін Астанада ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябао арасында жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, "Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы комитетін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" хаттамаға, "Қауіпсіздік саласындағы 2009-2011 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің жұмыс жоспарына", "Қазақстаннан Қытайға бидайдың экспорттық партиясына арналған фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға өзгерістер енгізу туралы" хаттамаға, "2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан мен Қытайдың кеден қызметтері ынтымақтастығының кешенді бағдарламасына" қол қойылды.

Сондай-ақ "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ ҚХР теміржолы көлігі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, "Қазақстан даму банкі" АҚ-мен ҚХР ЭксимБанкі арасында заемдар туралы келісім-шарт аясында қаржыландыруға арналған үміткер жобалардың тізімі жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ және Қытайдың "Датан" корпорациясы арасында электр энергетикасы және көмір саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар "Қазатомөнеркәсібі" АҚ мен Қытайдың Гуандун ядролық-энергетикалық корпорациясы арасында уран ресурстарын бірлесіп игеру, атом электр станциясына арналған ядролық отынды өндіру, табиғи уранды ұзақ мерзімді саудалау, атом энергиясын өндіру және ядролық энергетика нысандарының құрылысы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, "Қазатомөнеркәсібі" АҚ мен Қытай мемлекеттік корпорациясы арасында атом энергетикасы саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру жөніндегі келісімге, "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасында табиғи газ және газ құбырлары саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы негіздемелік келісімге, ТұранИлемБанкі мен Қытайдың ЭксимБанкі арасында несиелік келісімге, "Жерсу" корпорациясы мен Қытайдың "Датан" корпорациясы арасында Көксу өзеніндегі су электр станциясы құрылысын игерудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны