23.06.2008, 17:20 2520

ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстанға ресми сапармен келеді

ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің шақыруы бойынша 24 - 25 маусым аралығында ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл 2007 жылғы сәуірде ҚХР Сыртқы істер министрі болып тағайындалғаннан кейінгі Ян Цзечидің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болып табылады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар бағдарламасы Қытай министрінің еліміздің басшылығымен кездесулерін қамтып, келіссөздер барысында саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері және жоғарғы дәрежеде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы қарастырылады.

"Қытай Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алдағы ресми сапары қазақстан-қытай стратегиялық әріптестік қатынастарының одан әрі дамыту ісінде маңызды оқиға болмақшы",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны