30.03.2012, 16:21 3762

Кипр СІМ басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың шақыруымен 2 сәуір күні Қазақстанға Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Эрато Козаку-Маркуллис келеді деп күтілуде.

Астана. 30-наурыз. Kazakhstan Today - Кипр СІМ басшысы Эрато Козаку-Маркуллис Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың шақыруымен 2 сәуір күні Қазақстанға Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Эрато Козаку-Маркуллис келеді деп күтілуде.

Жұмыс сапары аясында Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында екі елдің сыртқы ведомство басшыларының кездесуі өтеді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Кипр Республикаларының сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылып, бірлескен баспасөз мәслихаты өтеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны