27.04.2009, 18:35 3285

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаев Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаев Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана. 27 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаев 29-30-сәуірде Қазақстанға ресми сапар жасайды. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Оның айтуынша, сапар барысында Қ. Сарбаев еліміздің ресми тұлғаларымен кездесулер өткізеді.

"Сапар кезінде екі мемлекет арасында 2003 жылы желтоқсанның 25-де қол қойылған Одақтастық қарым-қатынас жөніндегі шартқа сәйкес құрылған Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысын өткізу жоспарланып отыр. Онда сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелері талқыланады. Сонымен бірге жақын уақытта өтетін қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысының күн тәртібінің жобасы бекітілуі мүмкін", - деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны