19.04.2010, 16:08 2850

Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі төрайымының орынбасары мен Қазақстанның үкімет басшысы шекараны ашу мүмкіндігін талқылады

Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі төрайымының орынбасары мен Қазақстанның үкімет басшысы шекараны ашу мүмкіндігін талқылады

Бішкек. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі төрайымының бірінші орынбасары Алмазбек Атамбаев пен Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 18 сәуірде телефон арқылы әңгімеде шекараны ашу мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстанның уақытша үкіметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сұхбат барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны ашу мүмкіндіктері талқыланды. Шекарада көліктер көп жиналған.

Сондай-ақ, баспасөз орталығының хабарлауынша, А. Атамбаев әңгіме барысында Қазақстан үкімет басшысының назарын көктемгі егіс науқанына арнап жанар-жағармай жеткізіліміне квота бөлу мәселесіне аударды. Кәрім Мәсімов Қырғызстанның уақытша үкіметінің ағымдағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін қолдауға әзір екенін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны