13.07.2009, 18:00 2743

Қырғызстан аумағында Ресейдің әскери базасының ашылуы - таза екіжақты қарым-қатынас мәселесі - ҚР СІМ

Қырғызстан аумағында Ресейдің әскери базасының ашылуы - таза екіжақты қарым-қатынас мәселесі - ҚР СІМ

Астана. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан аумағында Ресейдің әскери базасының ашылуы - таза екіжақты қарым-қатынас мәселесі. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев журналистер сауалына берген жауабында мәлімдеді,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қырғызстан аумағында Ресейдің әскери базасының ашылуы - аталған екі мемлекеттің таза екіжақты қарым-қатынасына қатысты мәселе", -деп мәлімдеді Е. Ашықбаев. Осы орайда оның айтуынша, "егер мәселе көпжақты форматтағы ықпалдастыққа қатысты болса, онда Қазақстан сөзсіз ақпарат алып, аталған мәселе бойынша шешім қабылдауға қатысар еді".

"Біз, әрине, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті бекіте түсуге септігін тигізетін қандай да шараны сөзсіз қолдаймыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны