30.01.2008, 18:38 2976

Қырғызстан биылғы жылы алтынды өткен жылмен салыстырғанда үштен бір бөлікке артық шығармақшы

Қырғызстан биылғы жылы алтынды өткен жылмен салыстырғанда үштен бір бөлікке артық шығармақшы

Бішкек. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан биылғы жылы алтынды өткен жылмен салыстырғанда үштен бір бөлікке артық шығармақшы, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының геология және минералдық ресурстар жөніндегі мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Үкіметтің қойған бұл жоспарын орындау үшін, нақты барлау жұмыстарына $4,7 млн жұмсап, $2,5 млн ақша салу керек. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Мемлекеттік агенттік хабарлағанындай, өткен жылы алтын өндірісі саласындағы көрсеткіштер төмендеген болатын. Бағалы металдың тек 956 келісі ғана өндірілді. Бұл алдыға қойылған жоспардан екі есе төмен болды. Мамандардың айтуынша, бұған елдің басты Құмтор алтын кен орнына байланысты шетелдік серіктестерімен болған келіссөздердің тым ұзаққа созылып кетуі және бағалы металдар қорын барлау жұмыстарының азайғандығы мен кен орындарындағы алтынның аздығы себеп болды.

Алайда, бүгінгі күні Құмторға қатысты мәселе шешілді . Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағанындай: "Егер жогорку кенешінің депутаттары Үкімет пен шетелдік "Камеко" және "Центерра голд инк"компанияларымен жасалған келісімді қабылдаса онда елге $1 млрд мөлшерінде актив құйылады. Бұл қаржы ел экономикасының басты салаларына, соның ішінде кен орындарын барлау жұмыстарына жұмсалатын болады ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны