11.04.2008, 18:45 3148

Қырғызстан биылғы жылы электр қуаты экспортының тең жартысын қысқартады

Қырғызстан биылғы жылы электр қуаты экспортының тең жартысын қысқартады

Бішкек. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан биылғы жылы электр қуаты экспортының тең жартысын қысқартады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының өндіріс, энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары Ақылбек Төменбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қырғызстанның биылғы жылы электр қуаты экспортының көлемі 1 млрд кВт-сағатты құрайды. Ал жалпы жыл сайын оның экспорты 2,3 млрд кВт сағатқа жететін. Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейінің төмен болуынан оның көлемі қысқартылады ", -деді А. Төменбаев.

Ол атап өткеніндей, 1 млрд кВт-сағат бұл электр қуатының ең төменгі көлемі. "Электр станциялары" осы көлемге сәйкес отынмен қамтамасыз етіледі .

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қырғызстанда 2008-2009 жылдары жылу беру кезеңі ойдағыдай өтпейтін жағдайы бар дегенді энергетик мамандары мәлімдеген болатын. Тоқтағұл су қоймасындағы су тапшылығына байланысты жылу беру кезеңінің дұрыс өткізілмеуінің қаупі бар. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында су көлемі 300 текше метрге кем болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны