14.09.2006, 10:15 2884

Қырғызстан депутаттары президент пен үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде

БІШКЕК. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламентінің отырысы барысында оппозициялық ұстанымдағы Жоғарғы Кенеш депутаттары ел президенті Құрманбек Бакиевтің және үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Халық қалаулыларының шамына тиген депутат Өмірбек Текебаевтың Польшада есірткімен ұсталуына қатысты оқиға. Олар мұны арнайы қызмет өкілдерінің қасақана жасаған әрекеті деп есептейді. Сондықтанда президент пен үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде. Премьер-министр Феликс Кулов қызметтен кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Осыған дейін хабарлағандай, Ө.Текебаев 6 қыркүйекте Польшада есірткі алып өтпек болған сәтте ұсталды. Кеден және шекара бақылауынан өткен кезде депутаттың жүгінің арасынан пластикалық тілімге оралған 595 грамм героин табылып, тәркіленді. Варшаваның округтік прокурорының қаулысына сәйкес, Текебаев тергеу изоляторына тоғытылып, Қырғыз депутаттары мен саясаткерлерінің араласуынан кейін ғана , ол қамаудан босатылып, Бішкекке оралды.

Депутаттар құрған арнайы комиссия, аталған оқиғаға ҚР президентінің інісі және Қырғызстан ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Жаныш Бакиевтің қатысы барын анықтаған. Депутаттар Бішкек әуежайында Текебаевтың қол жүгіне қатысты қитұрқы әрекетті анықтапты. Атап айтқанда, ішті бақылайтын бейнекамераларға Текебаев өзінің қол жүгін өткізгеннен кейін, ауысым бастығының депутаттың жүгін қауіпсіздік қызметінің бөлмесіне 14 минутқа алып кеткені жазылған. Одан кейін ауысым бастығы жүкті жүк сақтау бөліміне өткізіп, қауіпсіздік қызметінің бастығымен және шекарашымен сөйлескен.

Депутаттар оқиғаға Ж.Бакиевтің қатысы барын мәлімдегеннен соң, ҚР ҰҚК төрағасы Бусурманкул Табалдиев пен оның орынбасары Ж.Бакиев отставкаға кетті.

Кеше Ж.Бакиев депутаттардың өзіне тым асығыс айып таққандарын айтты. Ол Текебаевтың жүгінінен есірткінің табылуына қатысты тергеу жұмыстары шынайы жүргізілетіндігіне сенім білдірді. "Менің кінәлі, не кінәсіз екенімді тек сот шешеді",-деді Ж.Бакиев. Оның айтуынша, "Реформалар үшін" оппозициялық қозғалысының жетекшісі , депутат Ө.Текебаев республика өкіметіне ешқандай қауіп туғызбайды, сондықтан да арнайы қызмет өкілдері үшін оны шеттетудің қажеті болған жоқ.

Ж.Бакиев депутаттың жүгінің арасына есірткі салу туралы ешкімге тапсырма бермегенін тағы да мәлімдеді.

Сонымен қатар, бұған дейін Қырғыз парламентінің депутаты Ө.Текебаев туралы хабарды Қазақстандағы Интерполдың жібергені жөнінде мәлімдеме жасалған. Атап айтқанда, Қырғызстан Жогарғы кенешінің депутаты Мелис Эшимканов, Бішкек-Стамбул -Варшава бағытындағы ұшақта өзімен бірге есірткі немесе жарылғыш зат алып бара жатқан үш азамат болуы мүмкін, деген ақпараты бар факстың Қырғызстан аумағынан жөнелтілмегені жөнінде құлағдар ектен. "Құжатта Интерполдың Қазақстан Елордасы - Астанадағы аймақтық бөлімінің мекен-жайы көрсетілген",-дейді М.Эшимканов. "Бұл іске өзге елдің арнайы қызмет өкілдерінің де қатысы бар, деген ақпарат расталып отыр",-деп атап өтті депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны