12.02.2008, 16:02 2846

Қырғызстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің біртұтас энергетикалық жүйесін құруды ұсынады

Қырғызстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің біртұтас энергетикалық жүйесін құруды ұсынады

Бішкек.12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің біртұтас энергетикалық жүйесін құруды ұсынады. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің энергетика жөніндегі арнаулы тобының кеңесінде Қырғызстан өкілдері осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстан өкілдерін "Қырғызстанның ұлттық энергетикалық желісі" ААҚ бас директорының орынбасары М. Айткулов басқарды. Кездесу барысында сарапшылар өңірдегі энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтсақ, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің біртұтас энергетикалық жүйесін құру мүмкіндіктері қаралды.

"Бұл кездесу Экономикалық ынтымақтастық ұйымының өңірлік жоспарлау кеңесінің он сегізінші жиналысын өткізуге дайындық болып табылады, ол наурыздың басында Исламабадта өтеді", - деп хабарлайды Қырғызстан СІМ.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымын 1977 жылдың наурыз айында Иран, Түркия және Пәкістан құрған. 1992 жылы оған Изербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан бірікті. Ұйым 1993 жылдың қыркүйек айынан бері БҰҰ-ның жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны