26.02.2010, 12:56 1436

Қырғызстан ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қорынан 160 млн доллар көлемінде несие алуға өтініш берді

Қырғызстан ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қорынан 160 млн доллар көлемінде несие алуға өтініш берді

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Қырғызстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорынан 160 млн доллар көлемінде несие алуға өтініш берді. Бұл туралы РФ қаржы министрі Алексей Кудрин қор кеңесінің отырысынан кейін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

"Өтініш қордың жанындағы сарапшылар тобы мен Еуразиялық Даму банкіне жіберілді, ол одан әрі ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры кеңесінің отырысына шығарылады", - деді министр. Оның айтуынша, өтініш 2 - 3 айда қаралуға тиіс.

А. Кудриннің хабарлауынша, сондай-ақ, кеңестің отырысында қор қаражатынан инвестициялық несиелер беру тәртібі бекітілді. Кіріс деңгейі төмен елдер үшін берілетін несиенің ең төменгі мөлшері $10 млн, орташа деңгейлі елдер үшін - $30 млн. "Елдер мұндай несие алу үшін егер өздерінде басқа институттардан қаржы алу мүмкіндігі жоқ болған жағдайда сұрануға тиіс. Изірге нақты өтініш түскен жоқ, бірақ Армения тарапынан 601,6 млн евро және Беларусь тарапынан 32,6 млн евро көлемінде несие алуға ниет білдірілуде, бірақ бұл -алдын-ала мәлімет", - деді А. Кудрин, бірақ ол аталған елдер қаражатты қандай жобаларға тартқалы отырғанын нақтылаған жоқ.

РФ қаржы министрінің хабарлауынша, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қоры кеңесінің кезекті отырысы 2010 жылдың 1 сәуірінде өтеді. Онда несие алу туралы өтініштер мен қор жұмысының ағымдағы мәселелері қаралады.

Еске сала кетейік, 2009 жылдың маусым айында Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан , Ресей, Тәжікстан және Армения Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шатқа қол қойды. Ондағы мақсат - қатысушы мемлекеттердің интеграциясын одан әрі тереңдету, олардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың кері әсерлерін еңсеруді қамтамасыз ету.

Еуразиялық Даму банкі басқармаларының мүшесі, талдамалық жұмыстар жөніндегі директоры Владимир Ясинский 2009 жылғы 25 тамызда жасаған мәлімдемесінде еске салып өткендей, "қор қаржысы үш бағытта пайдаланылады: егемен несиелер, тұрақтандыру несиелері және мемлекетаралық инвестициялық жобалар". "Ресей бұл қорға $7,5 млрд, Қазақстан - $1 млрд, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения - әрқайсысы $1 млн және Беларусь - $10 млн қосады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны