11.12.2007, 17:35 2794

"Қырғызстан - Қазақстан" Одағы Ресей мен Беларусь Одағынан тезірек жұмыс істей бастайды - Қырғызстанның қаржы министрінің міндетін атқарушы

"Қырғызстан - Қазақстан" Одағы Ресей мен Беларусь Одағынан тезірек жұмыс істей бастайды - Қырғызстанның қаржы министрінің міндетін атқарушы

Бішкек. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Қырғызстан - Қазақстан" Одағы Ресей мен Беларусия Одағынан тезірек жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қырғызстан Республикасының қаржы министрінің міндетін атқарушы Ақылбек Жапаров мәлім етті.

"Қырғызстан мен Қазақстанның әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарын нығайта отырып жұмсаған күш-жігері өзара бірігу үшін үлкен перспективаға бастайды",- деді Ақылбек Жапаров. "Менің пайымдауымша, осы екі республика арасындағы одақтың Ресей мен Беларусь арасындағы одақпен салыстырғанда тезірек жұмыс істей бастайтын мүмкіндіктері бар",- деп жалғады өз сөзін ол.

Министрдің міндетін атқарушының пікіріне сүйнсек, "бұған деген сенімділіктің туындауына екі мемлекеттің жоғарғы басшы деңгейінде қабылданған бастамалары - 2007 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан Республикасына сапары барысында Мемлекетаралық кеңес, Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы істер министрлерінің кеңесін құруы, бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қоюы ғана емес, сондай-ақ осы келісімдерді орындауда қабылданған көптеген қадамдар да себеп". "Бұрын Қырғызстанға Қазақстан тарапынан 100 млн АҚШ долларын игеру ұсынылған болатын және қазір біз осыны қалай, қандай деңгейде, қандай салаларда жүзеге асыру мүмкіндігінің механизімін белсенді пысықтаудамыз",- деп хабарлады А. Жапаров.

"Біздің бір-бірімізге жасаған қадамдарымыз заңды тұрғыдан қуат алады. Қазір әртүрлі салаларда әртүрлі жобалар қарастырылуда немесе жүзеге асырылуда. Солардың ішінде болашағынан зор үміт күттіретін жобалар - Алматы - Ыстықкөл тасжолын салу, туристік саланы бірлесе отырып дамыту",- деп атап көрсетті ол. "Ең бастысы - біз барлық мәселелерді өзара сенім және сыйластық қағидалары арқылы шешеміз",- деп қорытындылады өз сөзін А. Жаппаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны