Система Orphus

Қырғызстан Қазақстандық кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасауға дайын - Қырғызстан сыртқы істер министрі

30.04.2009, 15:15 4208

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Қазақстандық кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасауға дайын. Бұл туралы Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаев бүгін Астанада екі елдің Сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қырғызстан Қазақстандық кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасауға дайын ", - деді Қ. Сарбаев.

Сондай-ақ, Қ.Сарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының көлемі тұрақты өсіп келе жатқанын атап көрсетті. "Илемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі өсе түсуде. Тауар айналымын $1 млрд жеткізу мақсаты бар. Сауда-экономикалық арақтынасымызда айтарлықтай әлеует болғандықтан, оған қол жеткізуге мүмкіндік бар", - деді Қ.Сарбаев.

ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин "көптеген салалардағы ықпалдастыққа қатысы бар барлық мәселелер топтамасы бойынша ұстанымдар өзара өте жақын", деп атап өттң.

"Екі мемлекет басшысы таяу жылдарда тауар айналымын миллиардтық көлемге жеткізу мақсатын қойған. Өткен жылдың нәтижесі - 600 млн доллар болды, бұл - жылдық өсімнің 15% екенін көрсетеді", - деді М. Тәжин.

Оның айтуынша, бұл дерек екіжақты сауданы ынталандыруға айтарлықтай резерв бар екендігіне және өзара инвестициялардың одан әрі де өсе түсетіндігіне дәлел бола алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны