03.04.2008, 14:37 3621

Қырғызстан Қазақстанмен 50 мың тонна бидай сатып алу жөнінде келісім жасады

Қырғызстан Қазақстанмен 50 мың тонна бидай сатып алу жөнінде келісім жасады

Бішкек. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Қазақстанмен 50 мың тонна бидай сатып алу жөнінде келісім жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 2008 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшыларының Мәскеуде жасаған келісіміне сәйкес, Қазақстан Республикасында Қырғызстан Республикасының елшілігі Қырғызстан мемлекеттік материалдық резервтер қорының қазақстанның "MAGAZ GROUP"ЖШС компаниясынан 50 тонна азық-түлік бидайын сатып алу жөнінде келісім шартын жасауды ұйымдастырды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай елшілік қырғызстанның мемлекеттік материалдық резервтер Қорына "Қазақстан темір жолы" Ұлттық Компаниясы "АҚ бидайды тасымалдау үшін темір жол жүк вагондарын бөліп, кедендік құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетті.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша елшілік өнімді жөнелту жұмысын үнемі қадағалап отыр."Жуырда 5 мың тонна бидайдың бірінші легі жіберілді (5 вагон). Ал қазіргі кезде 20 мың тонна бидай вагондарға тиеліп жатыр ( 20 вагон ). Қалған бидай бөлігі алдағы екі аптаның ішінде жөнелтілетін болады ", - деп хабарлады ІІМ.

Сонымен қатар, Қырғызстанда көктемдік егіс жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасында Қырғызстан Республикасының елшілігі "Петропавловскнефтетранс" компаниясының дизельдік отынды Қырғызстанға жіберу жөнінде мәселесімен айналысуда. Бүгінгі күні дизель отыны тиелген 10 вагон қырғызстанға жіберілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны