11.07.2006, 17:48 3010

Қырғызстан мен Қазақстан шекара мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды

БІШКЕК. 11-шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстан шекара қызметінің басшысы Закир Тіленов пен Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің директоры Болат Зәкиев ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойып, екі елдің шекаралық құрылымдарының ықпалдастық жоспарын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Қырғызстан шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, құжаттарға қол қою рәсімі Шолпан Атада өтті. Кездесу барысында З.Тіленов пен Б.Зәкиев Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы ахуал, қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестіру мен жетілдіру мәселелерін талқылады.

Тараптар сонымен бірге екі елдің шекарасында пайда болатын даулы мәселелердің алдын алу мен оларды шешуге бағытталған бірлескен шаралар тақырыбын да назардан тыс қалдырмады.

Қырғызстан шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу президент Құрманбек Бакиевтің Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында өткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны