31.03.2008, 17:50 6866

Қырғызстан мен Қазақстанның мемлекетаралық кеңесі екі жақты қатынастарда туындаған проблемаларды бұдан да тиімді шешуі тиіс

Қырғызстан мен Қазақстанның мемлекетаралық кеңесі екі жақты қатынастарда туындаған проблемаларды бұдан да тиімді шешуі тиіс

Бішкек. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан мен Қазақстанның мемлекетаралық кеңесі екі жақты қатынастарда туындаған проблемаларды бұдан да тиімді шешуі тиіс. Бұл туралы "Время новостей" газетінің тілшісі Аркадий Дубновпен өткен әңгімеде Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Қырғызстан басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Дубновпен Қ. Бакиев өзінің жұмыс кабинетінде кездескен.

Сұхбат барысында президенттің көңіл-күйі мәселелері, мемлекет басшысының жақында Германияда болуына байланысты шыққан алыпқашпа әңгімелер, сондай-ақ, Қырғызстанның ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелер қозғалды.

Атап айтқанда, Қазақстанмен арадағы өзара қатынасты әңгімелей отырып, Қ. Бакиев сәуір айының орта тұсында оның Астанаға ресми сапары болатынын еске салды. Келіссөздер өтетін уақыттың күн тәртібіне әрқилы проблемаларды бұдан да гөрі тиімді шешу мәселесі бар. Ол бірінші кезекте екі ел халқының өмір сүру деңгейін көтеру үшін экономикалық саланың мәселелері болмақ.

"Біз көршілерімізден, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан іргемізді аулақ салмаймыз. Келіп қосылуға қарсылық білдірмейміз. Алайда біз алдымен ісіміз қалай жүретінін

тәжірибе жүзінде көргіміз келеді. Мұнда қандай ерекшелік бар? Ал нәтиже бар деп айту екі елге де әлі ерте. Бірақ, сапар жақындағанда менің де, Қазақстан президентінің де осы уақыт ішінде не істеп үлгергеніміз жайында айтарымыз болады. Осы мәселелердің Мемлекетаралық кеңес болмай тұрғанда қаншама жылдар бойы шешілмей жатқаны да айтылады", - деді Қ. Бакиев. Қырғызстан басшысы Ыстықкөл жағасындағы төрт пансионатты Қазақстанға беру мәселесі жөнінде де түсінік берді.

"Маған парламенттің тиісті комитеті осы мәселе бойынша шешім қабылдап қойды деп мәлімдеді. Қалғанының барлығын былай қойғанда осы төрт пансионаттың кеңес дәуірінде Қазақстан қаржысына салынғанын есте сақтау қажет. Ендігі біздің айтарымыз: бұл пансионаттарды 49 жылға жалға береміз. Ал Қазақстан жағы олардың жұмысын жыл он екі ай істетуге, оларды қызмет көрсетудің 4 жұлдызды деңгейіне көтеруге, жұмыс орындарының 80 пайызы Қырғызстан азаматтарына, бірінші кезекте Ыстықкөлде тұратындарға ұсынылады деген міндеттеме алады. Ондағы жалақы көршілес жатқан пансионаттарға қарағанда айтарлықтай жоғары болады. Енді айтыңызшы: бұның кімге қандай зияны бар ?", - деді Қ. Бакиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны