08.11.2006, 13:03 2838

Қырғызстан өкіметі мен оппозициясы Конституцияның жаңа редакциясын қабылдайды

БІШКЕК. 8-қараша. Kazakhstan Today. Қырғызстан өкіметі мен оппозициясы Конституцияның жаңа редакциясын қабылдауға келісті. Бұл туралы кеше кешке Қырғызстан парламентінің спикері Марат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

М.Сұлтановтың айтуынша, республиканың Негізгі заңының жобасы бүгін 8-қарашада талқылана бастайды. Конституцияның бұл үлгісін президентті жақтаушылар да, оппозициялық депутаттар да қолдауға дайын.

Спикердің айтуынша, ең алдымен парламеншілердің назарына Қырғызстан парламентінің регламенті туралы заңға енгізілетін түзетулер ұсынылады. Өйткені, қолданыстағы заңнама Конституцияның жаңа нұсқасын қабылдау мүмкіндігі қарастырылмаған. М.Сұлтановтың хабарлауынша, регламенттен Ата заңның жаңа нұсқасын қабылдау үшін Конституциялық соттың қорытындысын талап ететін тармағы алып тасталады. Жаңа регламентке сәйкес, Конституция екі оқылымда қабылдануға және оны депутаттардың үштен екі бөлігі, немесе, 50 проценттен кем емес бөлігі қолдауға тиіс.

Ал бүгін депутаттар президент, парламент және Конституциялық кеңес жобасын жасаған Ата заңның үш жобасының негізінде жаңадан жазылған жобаны қарайды. М.Сұлтановтың айтуынша, Конституцияның жаңа редакциясында президенттің құзыретінің аясы "біршама тарылған".

Жобаға сәйкес, парламент 90 депутаттан құралады және олардың 50 проценті партиялық тізім бойынша, ал қалғаны бір мандатты округтер бойынша сайланады. Қазір депутттардың саны 75. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен экономикалық және энергетикалық агенттіктер министрлер кабинетінің бақылауында болады.

М.Сұлтановтың айтуынша, жергілікті әділеттілік істері жөніндегі ұлттық кеңестің ұсынысымен жергілікті соттардың судьяларын президент парламентпен келісе отырып тағайындайды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы депутаттармен келісе отырып Есеп палатасының, Қаржы полициясының, Бас прокуратураның және Орталық сайлау комиссиясының төрағаларын орнынан алу құқығына ие болмақ.

Үкіметті депутаттық мандаттардың 50 процентін жеңіп алған партия жасақтайды. Егер партиялардың ешқайсысы 50 процент мандат жинай алмаған жағдайда үкіметті жасақтау функциясы президенттің құзырына өтеді.

"Реформалар үшін!" қозғалысы президентке Конституцияның жаңа нұсқасында қарастырылған құзыреттен артығырақ өкілеттілік бермек болған, деді М.Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны