28.09.2006, 15:41 3367

Қырғызстан өзінің сыртқы саясатында ұлттық мүддені бірінші орынға қояды - Бакиев

БІШКЕК. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қырғызстан өзінің сыртқы саясатына қатысты мәселе бойынша прагматизмді басшылыққа ала отырып ұлттық мүддені бірінші орынға қоятын болады. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев бүгін республика халқы мен парламентіне арнаған алғашқы жолдауында осылай деді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің көп мәселеге қатысты сыртқы саяси ұстанымдарымыз түбегейлі өзгерді. Біз бірінші орынға өзіміздің ұлттық мүддемізді қоятын боламыз",- деп мәлімдеді Қ.Бакиев елдің дамуының ұлттық стратегиясын таныстыру барысында.

"Нақ осындай мүддеге байланысты біз көршілес елдер - Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытаймен меймандос қарым-қатынасты нығайтуға баса назар аударатын боламыз",- деді Қырғызстан мемлекет басшысы. "Көрші елдермен меймандос байланыс орнату - біздің қауіпсіздігімізге және экономикалық дамуымызбен тікелей сабақтас",- деді ол.

Сонымен бірге Қ.Бакиев Қырғызстанның ішкі ісіне ешкім де араласуға тиіс емес деп атап өтті. "Еліміздегі демократиялық деңгей еліміздің ішіндегі мәселелерді өз бетімізбен шешетіндей жағдайға жеткізді",- деп мәлімдеді ол.

Президент өз жолдауында мемлекетті дамытудың тұғырнамалық мақсаттарын айқындады. "Алдағы бес жылда біз әлемдік орташадан кем түспейтіндей тіршілік деңгейін қамтамасыз ету, әлемдік жүйеге жоғары сапалық деңгейле кірігуге мүмкіндік беретін бәселелестік қабілеті бар экономика құру, республика халқының санын арттыру міндеттерін атқарып шығуға тиіспіз",- деді Қ.Бакиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны