18.01.2008, 12:30 1595

Қырғызстан Пәкістанға электр қуатын экспорттау мәселесін ойластыруда

Қырғызстан Пәкістанға электр қуатын экспорттау мәселесін ойластыруда

Бішкек. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Пәкістанға электр қуатын экспорттау мәселесін ойластыруда, деп хабарлайды агенттік Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысы бұл мәселені Қырғызстан Республикасының Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Айтмурзаевқа тапсырды", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Президент атап өткеніндей, экспортталатын қуат бүгінде мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан Қамбарата 2-ГЭС-нен шығарылатын болады. Оның бірінші агрегаты алдағы жылдың аяғында іске қосылады".

Осы бағдарлаға байланысты Қырғызстан Республикасындағы ФРГ төтенше және өкілетті елшісі Клаус Гревлих қолдау көрсететінін жеткізді. К. Гревлих басқаратын елшілік миссиясы сонымен бірге Қырғызстан Республикасындағы Еуроодақ өкілдігінің міндетін атқарады. Оның пікірі бойынша, Қырғызстан және Тәжікстаннан Ауғанстанға, Пәкістанға электр қуатын экспорттау мәселесі ЕД Орталық Азия бойынша дайындаған стратегиясына сәйкес келеді. Осы жоба іске асырылатын болса, онда бұл аймақтар болашақта үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін.

РҚ экономикалық даму және сауда министрлігінда атап өткеніндей, бұл CASAREM-1000 жобасы. Бұл жоба бойынша жасалған келісім-шарт былтыр күзде Кабулда қабылданып оған қол қойылған болатын. Құжатта көрсетілгеніндей, Қырғызстан мен Тәжікстаннан жобаның бірінші кезеңінен бастап, Пәкістан мен Ауғанстанға 1300 мегават электр қуаты жіберіледі.

Төрт мемлекеттің өкілдері өз-ара түсіністік жөнінде қол қойылған меморандумына сәйкес, Ауғаныстан арқылы Пәкістан мен Тәжікстанды байланыстыратын 750 шақырымдық жоғары вольтті электр желілерінің құрылысы қолға алынады. Сондай-ақ, Кабулда қайта құрылатын ауыспалы және тұрақты тоқ стансасы және тәжік жері арқылы Оңтүстік Азияға Қырғызстанның элек қуатын жеткізу үшін, Қырғызстан мен Тәжікстан арасында ауыспалы кернеудегі тоқты жеткізетін электр желісінің құрылыстары жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны